Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Следующий слайд
Тарих

КАЗКОНТРАКТ компаниялар тобы – «КазКонтракт Трейд», «КазКонтракт Логистик», «КазКонтракт Инжиниринг» компанияларын біріктіретін «Казконтракт» акционерлік қоғамы болып табылады, олар қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:

 

  • Өндірістік-коммерциялық (ғимараттарды, құрылыстарды, қойма кешендерін және базаларды басқару);
  • Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан, компаниялар мен кәсіпорындарды қажеттілігі үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету (номенклатура бойынша жабдықтар мен өнімдерді жеткізу);
  • Мемлекет аралық және коммерциялық шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру;
  • Тікелей шарттарды дамыту үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету;
  • Сауда операцияларын жүзеге асыру, жеткізушілер мен тұтынушылар арасында тауар қозғалысы басқару;
  • Инжиниринг қызметтерін көрсету;
  • Ресей Федерациясының мұнай өндіру зауыттарынан дүмбіл май мен мұнай өнімдерін жеткізу;
  • Қазақстан Республикасының МӨЗ-де мұнай өңдеу;
  • Мұнай өнімдері жеткізілімін икемді логистикамен қамтамасыз ету;

 

Компанияның құрылу тарихы 1965 жылы Қазақ ССР-інің материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылуынан басталады. Кейіннен 1965-жылдан 1987-жылға дейінгі кезеңде Қазақ ССР-інің мемлекеттік комитеті Қазақ ССР-інің Мемлекеттік жабдықтау жүйесі, одан кейін Қазақ ССр-інің Материалдық ресурстар министрлігі болып өзгертілді. 1992 жылы Кеңес Одағының ыдырап, Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 07.12.1992 жылғы №1006 Жарлығымен «Қазконтракт» Республикалық контракт корпорациясы («Қазконтракт» АҚ) құрылып, Республиканың барлық облыстарындағы оның филиалдары өзгеріссіз сақталды. Корпорацияға Қазақстан республикасының мемлекеттік мұқтаждықтарын материалдық-техникалық қамсыздандыру және белгіленген тәртіппен контрактілер жасау жолымен тауарларды мемлекеттік сатып алу міндеті жүктелген. «Қазконтракт» жасасқан шарттар бойынша қамсыздандыру 18000 атаулар көлемін құрады, соның ішінде жылына құбыр өнімдері 477 мың тонна, металл бұйымдары 777 мың тонна, өзге өнімдерді 1542 мың тонна көлемінде қамтамасыз етілді. Сонымен қатар корпорация қара және түсті металлургия саласындағы барлық ірі кәсіпорындарға өнім береді, ағаш материалдарын, машина жасау және құбыр өнімдерін, автокөліктерді береді. Соның ішінде 61 пайызын Ресеймен өзара өнім берісу құрайды. 1992 жылы «Қазконтракт» акционерлік қоғамының құрылу барысында корпорация Қазақстан Республикасы Материалдық ресурстар министрлігінің құқығын иеленіп, «Қазконтракт» акционерлік қоғамына жарғы капиталы ретінде осы министрліктің және оған ведомстволық бағынышты кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық ғимараттары мен құрылыстары, сондай-ақ олардың айналым, материалдық және ақшалай қаражаттары мен өзге де мүліктері табыстап берілді.

 

Сонымен, 1965 жылы кеңестік кезеңде құрылған компания 50 жыл бойы қызмет атқарып келеді. 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасының министрі қызметін еңбек жолын 1969 жылы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік жабдықтау жүйесінде бастап, қазіргі кезде компанияны басқарып, «Қазконтракт» АҚ президенті болып табылатын Турапов Канат атқарады.

 

Кейінгі кезеңдерде Қазақстан Республикасының белсенді экономикалық дамуы нәтижесінде және көмірсутекті шимкізаттың болуы себепті көмірсутекті шикізатты өңдеу нәтижесінде жасалған өнімдер сияқты тауарлармен толықтыру аса маңызды аспектілердің біріне айналды. «Қазконтракт» АҚ (ҚазССР Мемлекеттік жабдықтауы) 1993 жылдан бастап «Росконтракт» АҚ-мен (РКФСР Мемлекеттік жабдықтауы) сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге сай отын-энергетикалық ресурстарды Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді жүзеге асырады. Көпжылдық тәжірибе мен мұнай және мұнай өнімдерін өндірушілермен тікелей контрактілер жасасу, сондай-ақ көпжылдық серіктестік қатынастар негізінде құрылған «ҚазКонтракт Трейд» компаниясының қызметіне мұнай және мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағына жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету кіреді.