Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Следующий слайд
Тарих

«КазКонтракт Инжиниринг» ЖШС (әрі қарай ККИ) Ресей Федерациясынан инженерлік құрал-жабдықтарды импорттауды және оларды әрі қарай Қазақстан нарығында сатуды жүзеге асыру үшін құрылған. ККИ – «Pressnastil» ірі сауда-өндірістік компаниясы мен жерүсті су бұрғыштары жүйесінің аса ірі өндірушісі болып табылатын ресейлік «Gidrolica» компаниясының негізгі өкілі. Ол тор төсемдерді, су бұрғыштарды, сығымдалған торларды және автокөлік жолдарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сорғы станцияларының, мұнай құю терминалдарының, резервуарлар паркінің, әуежайлардың, қалалық азаматтық құрылыс нысандарының құрылысында қолданылатын тағы басқа инженерлік құрал-жабдықтарды импорттайды.

GIDROLICA™ өнімдері 2005 жылдан бастап өндіріле бастаған. Олар жеке меншік, азаматтық өнеркәсіптік, спорт құрылысы нысандарының құрылысында және оларды жайластыруда қолданылады. GIDROLICA шетелдік және отандық мамандардың су бұру жүйелерін әзірлеу, жобалау және өндірудегі көпжылдық тәжірибесі мен білімін қамтиды.

Бүгінде компаниямыз нарықта жетекші орынды иеленіп отыр. Компания серіктестерінің саны үздіксіз өсіп келеді, оның дилерлік желісі мен жеткізу ауқымы кеңеюде.

Біз төмен бағалар мен сұранымға ие өнімнің тұрақты кең ауқымын көздейтін барынша тиімді ынтымақтастық құру шарттарын ұсынғандықтан, сенімге ие болып отырмыз.

Қолданыс салалары:

Жеке меншік құрылыс

  • Жауын-шашын және қар суын ғимараттардан, құрылыстар мен жол жабындарынан бұрып ағызудың тиімді шешімі
  • Кез келген ландшафтқа сәйкес келеді
  • Жерүсті суды бұру жөніндегі кез келген күрделі міндетті шешудің кең ауқымды сұрыпталымы
  • Сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталған
  • Қазақстандағы үздік бағалар

Азаматтық құрылыс

  • Қала көшелерінде, саябақтарда және ірі шаруашылық нысандарында кеңінен қолданылады.
  • Жүктемесі әртүрлі болып келетін жерлердегі су бұру міндеттерін тиімді түрде шешеді.
  • Кез келген нысандардағы су бұру мәселесінің кешенді түрде шешілуін қамтамасыз етеді.
  • Заманауи технологиялар – Gidrolica жауын-шашындық кәріз жүйелері сенімділігінің кепілдігі.

Өнеркәсіптік құрылыс

  • Ауыр жүк көліктері қарқынды жүретін өнеркәсіп аймақтарының аумағынан су бұрудың сенімді шешімі
  • Gidrolica жүйесіндегі әлемдік тәжірибенің ең үздік инженерлік шешімдері – жерүсті кәріздеу міндеттерінің сенімді шешімі
  • Үнемі қоймада бар
  • Сапасы сертификаттармен және сынақ паспорттарымен расталған
  • Қазақстандағы ең үздік баға

Спорт құрылыстары

  • Футбол алаңдарынан, мұз айдындарынан, спорт алаңдарынан және оларға іргелес аумақтардан жерүсті суларын бұруға арналған
  • Кез келген күрделі міндетті шешуге арналған кең сұрыпталым
  • Оңай монтаждау – Gidrolica жүйелерін орнатудың жоғары жылдамдығы.
  • Ойластырылған конструктивті шешімдер жүйелердің қауіпсіздігін әрі қызмет көрсету мен пайдалану қарапайымдылығын қамтамасыз етеді.

Көлік терминалдары

  • Көлік терминалдары аумақтарынан, порттардың, әуежайлардың, логистикалық терминалдардың ауыр жүк көліктері жүретін жүк тиеу-түсіру аймақтарынан су бұруға арналған
  • Астаулардың, құм ұстауыштардың және босалқы бөлшектердің кең сұрыпталымы
  • Үнемі қоймада бар
  • Сенімділігі мен сапасы сертификаттармен және сынақтармен расталған.