Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Следующий слайд
Тарих

«КазКонтракт Трейд» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және өз қызметін соған сай келе отырып жүзеге асырады (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №2309-1910-06-ЖШС (ШҚ), берілген күні: 06.02.2013). «КазКонтракт Трейд» ЖШС компаниясының құрылу тарихы, ҚР Президентінің «КазКонтракт» республикалық келісім-шарттық корпорациясы («КазКонтракт» АҚ) туралы» 07.12.1992 жылғы №1006 Жарлығымен құрылған сәттен, 1992 жылдан басталады. 2014 жылғы шілде айында «КазКонтракт Трейд» ЖШС-нің Мәскеу қаласындағы филиалы ашылды (аккредитациялау және мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік №23529, берілген күні: 08.07.2014).

 

«КазКонтракт Трейд» ЖШС қызметінің негізгі түрлері: мұнай өнімдерін жеткізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік субъекттерін және шаруашылық жүргізуші субъекттерін, ұйымдарын және кәсіпорындарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. Компанияның кәсіпқойлар ұжымы мен тұрақты қаржылық жағдайы бар.

 

Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерінің өндірушілерімен тікелей шарттық қарым-қатынас жасай отырып, «КазКонтракт Трейд» ЖШС компаниясы әуе отынын ҚР бағытында, соның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағанды халықаралық әуежайларында қызмет алатын азаматтық авиация авиакомпаниялары қажеттіліктері үшін жыл сайын жеткізеді. Сондай-ақ, Республиканың тау-кен-металлургия және ауыл шаруашылығы секторлары үшін Қазақстанға мұнай майларын импорттайды.