Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Следующий слайд
Мазут

Мазут – мұнайдан немесе оның екінші қайтара өңдеу өнімдерінен 350-360°С температурасына дейін қайнап бітетін бензин, керосин және газ-май фракциялары бөлініп шыққаннан кейін қалған қалдық болып табылатын қою қоңыр түсті сұйық өнім. Мазут дегеніміз – көмірсутектер (молекулалық салмағы  400–1000 г/моль), мұнай шайырларының (молекулалық салмағы 500–3000 және одан астам г/моль), асфальтендер, карбендер, карбоидтер мен құрамында металдар (V, Ni, Fe, Mg, Na, Ca) бар органикалық қоспалардың қоспасы. Мазуттың физика-химиялық қасиеттері бастапқы мұнайдың химиялық құрамына және дистилляттық фракцияларды айдау дәрежесіне байланысты болып келеді және келесі мәндермен сипатталады: тұтқырлығы 8-80 мм/с (100 °C температурасында), тығыздығы 0,89-1 г/см (20 °C температурасында), қату температурасы 10-40°С, күкірт мөлшері 0,5-3,5 %, күл мөлшері 0,3 %-ға жуық, жану жылуының ең төменгі мәні 39,4-40,7 МДж/моль.

 

Мазуттар бу қазандықтарына, қазан қондырғылары мен өнеркәсіптік пештерге арналған отын ретінде, крейцкопфтық дизельдерге арналған флоттық мазутты, ауыр мотор отынын және бункерлік отынды өндіру үшін қолданылады. Бастапқы мұнайға шаққанда салмағы бойынша мазуттың шығысы 50 %-ға жуық болады. Мазутты әрі қарай қайта өңдеуді тереңдету қажеттілігіне байланысты 350-420, 350-460, 350-500 және 420-500°С шектерінде қайнап бітетін дистилляттарды вакууммен айдап, оны барған сайын көп мөлшерде әрі қарай қайта өңдейді. Вакуумдық дистилляттар катализдік крекинг, гидрокрекинг арқылы мотор отындарын және дистилляттық жағын майларды алуға арналған  шикізат ретінде қолданылады. Мазутты вакуумдық айдау қалдықтары қалдық жағын майлар мен кейіннен битум болып қайта өңделетін гудронды өндіру үшін температуралық крекинг пен кокстау қондырғыларында қайта өңдеуде қолданылады.

 

Мазуттағы шайырлы-асфальтенді заттардың типтік бөлінісі мына кестеде келтірілген

 

 

Шайырлар

Асфальтендер

Карбендер мен карбоидтар

Атмосфералық айдау арқылы алынған мазут

 

 

 

*Күкіртті мұнай

13,6

0,9

0,035

*Күкірті аз мұнай

14,0

0,1

0,03

Қосымша қайта өңдеу арқылы алынған мазут

10,2

8,4

0,9

 


Тауарлық мазуттың шамаланған компоненттің құрамына мына аталғандар кіруі мүмкін:

 

  • Мұнайды атмосфералық айдау арқылы алынған мазут
  • Гудрон
  • Вакуумдық газ-майлар (газойлдер)
  • Май өндірісі сірінділері
  • Керосин-газойл фракциялары (бастапқы және екінші)
  • Катализдік крекинг пен кокстау арқылы алынған ауыр газ-майлар (газойлдер)
  • Битумдар
  • Висбрекинг қалдықтары
  • Пиролиз арқылы алынған ауыр шайыр

 

Мазутты тұтынатын негізгі салалар – өнеркәсіп, флот және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

 

Флот мазуты – кемелердің энергетикалық қондырғыларында қолданылатын ауыр қалдық отын.

 

Отындық мазуттан ерекшелігі – тұтқырлығы, қату температурасы, күл қалушылығы және калориялылығының төмендігі. Флот мазуттары қалдық мұнай өнімдерін (мазут, гудрон, екінші процестер арқылы алынған ауыр газ-майлар (газойлдер) және тікелей айдалған және екінші қайта өңдеу нәтижесінде алынған дизель фракцияларын араластыру жолымен алынады. 

 

Флот мазуттарын кеме қазандықтарында жағуға, кіші және шағын айналымды дизельдерге арналған мотор отыны және газ-турбиналық қондырғыларға арналған отын ретінде қолдануға болады.

 

Отындық мазут – мұнайды, көмірді және жанғыш тақтатастарды қайта өңдеудің ауыр қалдықтарынан алынатын мұнай отынының бір түрі.

 

Энергетикада, кеме қатынасында және өнеркәсіпте қазандық отын ретінде қолданылады.

 

Отындық мазуттар келесі көрсеткіштер бойынша жіктеледі:

 

  • Тұтқырлық индексі (айдау мүмкіндігі, оттықта тозаңдануы)
  • Күкірт мөлшері
  • Қату температурасы
  • Күл қалушылығы (қазандық агрегаттарындағы күл қабаттары)
  • Тығыздығы
  • Тұтану температурасы (өрт қауіптілігі).

 

Тұтқырлығын төмендету үшін жағар алдында мазуттарды ысытып, оттықта қатты бумен қосымша турболиздейді.