Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Следующий слайд
Авиакеросин (РТ, ТС)

Авиакеросин — әуе-рактивті қозғалтқышпен жұмыс істейтін ұшу аппараттарына арналған реактивті көмірсутекті отын.

 

Сұрыпталым және алу

 

Реактивті отындар дыбыстан баяу авиация ұшақтарына арнап МемСТ 10227-86 бойынша және дыбыстан ұшқыр авиацияға арнап МемСТ 12308-89 бойынша өндіріледі.Дыбыстан баяу авиацияда отынның бес маркасын (ТС-1, Т-1, Т-1С, Т-2 и РТ), ал дыбыстан ұшқыр авиацияда екі маркасын (Т-6 и Т-8В) қолдану көзделген. Қазіргі уақытта ТС-1 отыны (жоғары және бірінші сұрыпты) және  РТ (жоғары сұрыпты) отыны жаппай қолданылады.

 

ТС-1 отыны

 

Күкіртті мұнайларды тікелей айдау тәсілімен алынады (арнаулы фракциясы 150—350 °C). Оның құрамында күкірт пен меркаптандар көп болған жағдайда сумен тазарту немесе демеркаптандау жүргізіп, содан соң тікелей айдалған фракциямен қосып пайдаланады. Отынның тозуға қарсы қасиетінің төмендеуіне жол бермеу үшін сумен тазартылған бөлшектің мөлшерін 70 %-ға дейін шектейді. Бұл отын дыбыстан баяу авиацияға арналған авиакеросиннің барынша кең тараған түрі. Әскери және азаматтық техникада қолданылады. Сондай-ақ флотация әдісімен байытуда қолданылады.

 

Т-1 отыны

 

Нафтенге негізделген және қайнап біту шегі 130—280 °C құрайтын күкірті аз мұнайды айдау арқылы алынған өнім. Құрамында нафтен қышқылдары көп болғандықтан, қышқылдығы аса жоғары, сондықтан мұнайдан фракция бөлініп шыққан соң оны сілтілендіріп, соңынан сумен шайып алады. Отынның құрамындағы гетероатомды нафтен қоспалары оның тозуға қарсы қасиетін және химиялық тұрақтылығын арттырады, екінші жағынан, отынның термоқышқылдану тұрақтылығы аса төмен. Ұзақ уақыт өткізілген сынақтардың нәтижесінде бұл отынды НК-8 (ТУ-154 (А,Б,Б-1,Б-2) және Ил-62) қозғалтқыштарында пайдаланған кезде шайырлы шөгінділер пайда болуы салдарынан қозғалтқыштардың қызмет мерзімі екі есе қысқаратыны анықталды. Қазіргі кезде отын бірінші сұрыпта және аса шектеулі мөлшерде шығарылады. 

Өндірістік шикізат ретінде мұнайдың құрамындағы күкірттің мөлшері аса төмен дефицитті сұраптарын пайдалануға болады.

 

Т-2 отыны

 

Фракциялық құрамы кең — 60-280 °C болып табылатын мұнайды айдау нәтижесінде алынған өнім. Құрамындағы бензин фракцияларының мөлшері 40 %, бұл қаныққан булардың жоғары қысымын, төмен тұтқырлық пен тығыздықты туғызады.

Қаныққан булардың аса жоғары қысымы ұшақтың отын жүйесінде бу тығындарының пайда болу ықтималдығын туғызады, ал бұл оның ұшу биіктігін шектейді.

Бұл отын өндірілмейді; ТС-1 және РТ отындарына қатысты резервтік отын болып табылады.

 

РТ отыны

 

Қайнап біту шектері 135—280 °C құрайтын тікелей айдалған керосин фракцияларын сумен тазарту арқылы алынады. Сумен тазарту нәтижесінде отынның күкірт пен меркаптандар мөлшері кміп қана қоймай, тозуға қарсы қасиеттері мен химиялық тұрақтылығы да нашарлайды. Оның алдын алу үшін отынға тозуға қарсы және қышқылдануға қарсы қоспалар қосады.

РТ отыны толығымен халықаралық нормаға сәйкес келеді, және жекелеген көрсеткіштер бойынша тіпті олардан артық түседі. Оның тозуға қарсы қасиеті жақсы әрі химиялық және термоқышқылдану тұрақтылығы жоғары, ондағы күкірт мөлшері аз, ал меркаптандар жоққа тән. Отынды 10 жылға дейін сақтауға болады және ол қозғалтқыштың жұмыс істеу ресурсын толығымен қамтамасыз етеді.

 

Т-6 отыны

 

Лайықты нафтенді мұнайлардан алынған 195—315 °C мөлшеріндегі тікелей айдалған фракцияларды терең сутектендіру жолымен жасалады.  Дыбыстан ұшқыр авиацияда, негізінен РФ ӘӘК-де қолданылады.

 

Т-8В отыны

 

Қайнап біту шегі 165—280 °C құрайтын сумен тазартылған фракция болып табылады. Күкірті аз нафтенді мұнайлар пайдаланылған жағдайда тікелей айдалған фракцияны сумен тазартпай қолдануға болады. Дыбыстан ұшқыр авиацияда, негізінен РФ ӘӘК-де қолданылады.

 

Қоспалар

 

Антистатикалық қоспа

 

Отандық және шетелдік әуе көлігін пайдаланудың көпжылдық тәжірибесі барысында отындарды қайта айдау немесе ұшақтарға отын құю кезінде статикалық электр қуаты жиналуы ықтимал болатыны дәлелденді. Бұл үдерісті болжау қиын болғандықтан, кез келген сәтте жарылыс орын алуы қаупі бар. Осы қауіпті құбылыспен күресу үшін отындарға антистатикалық қоспалар қосылады. Олар отынның электр өткізгіштігін 50 пСм/м мөлшеріне дейін арттырып, ұшақтарға отын құю және отынды айдау үдерістерін қауіпсіздендіреді.

Шет елдерде ASA-3 (Shell) және Stadis-450 (Innospec) қоспалары қолданылады. ТМД-да ТС-1, Т-2, РТ және Т-6 отындарына 0,0005 % мөлшерінде қосуға рұқсат етілген Сигбол (ТШ 38.101741-78) қоспасы кең тараған.

 

Судың кристалдануына қарсы қоспа

 

Температурасы −5…+17 °C құрайтын отынды ұшудан 5 сағат бұрын құю кезінде бактің температурасы −35 °C дейін төмендейді. температураның төмендеуі рекорды — −42 °C (Ту-154) және −45 °C (Ил-62М шеткі бактерін қоректендіретін бактер). Бұл температураларда отыннан отын сүзгілерінде тұрып қалатын мұз кристалдары түседі, ал бұл отын берілуінде кідіріс туғызып, қозғалтқышты тоқтатуы мүмкін. Судың мөлшері 0,002 % (масс.) құраған кезде ұшақтың саңылаулар диаметрі 12-16 мкм құрайтын сүзгілері бітеле бастайды.

Төмен температуралар жағдайында отыннан мұз кристалдарының шығуына жол бермеу үшін тікелей ұшаққа отын құю орнында отынға судың кристалдануына қарсы қоспалар қосады. Ондай қоспалар ретінде МемСТ 8313-88 бойынша этилцеллозольв (И сұйықтығы), МемСТ 17477-86 бойынша тетрагидрофуран (ТГФ) және олардың метанолмен 50%-дық қоспалары (И-М, ТГФ-М қоспалары) кеңінен қолданылады. Қоспаларды кез келген отынға дерлік қосуға болады.

 

Қышқылдануға қарсы қоспа

 

Сумен тазарту нәтижесінде төмендеген химиялық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін сумен тазартылған отындарға  (РТ, Т-6, Т-8В) қосылады. Ресейде ТШ 38.5901237-90 бойынша 0,003-0,004 % мөлшерінде Агидол-1 (2,6-ди-трет-бутил-4-метилфенол) қоспасы қолданылады. Осы мөлшерінде ол отынды қышқылданудан толық дерлік қорғайды, соның ішінде жоғары температуралар кезінде (150 °C дейінгі температураларда).

 

Тозуға қарсы қоспа

 

Отындардың сумен тазарту нәтижесінде жойылған тозуға қарсы қасиетін қалпына келтіруге арналған. Қышқылдануға қарсы қоспа қосылатын отындарға қосылады. Ресейде Сигбол қоспасы мен Сигбол және ПМАМ-2 (полиметакрилатті типті — ТШ 601407-69) қоспалар композициясы қолданылады. РТ отындарына арнап көбінесе тиімділігі бойынша Сигбол қоспасына сай келетін «К» (МемСТ 13302-77) қоспасы, сондай-ақ, «К» қоспасы болмаған жағдайда  «Этил» фирмасының  Хайтек-580 қоспасы қолданылады.