Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Предидущий слайд
Следующий слайд
М-10Г2к мотор майы

М-10Г2к мотор майы (МемСТ 8581-78) М-8Г2 және М-10Г2 майларынан қоспалардың едәіур тиімді құрамымен ғана ерекшеленеді, бұл май ауыстыру мерзімін ұзартуға, М-10Г2к майын қазіргі КамАЗ, ЗИЛ автокөліктерінде, сонымен қатар «Икарус» автобустарында  табысты пайдалануға мүмкіндік береді. Г2 тобының майлары күкіртті және күкірті аз мұнайлардан өндіріледі. Бұл топтағы майларында В2 тобындағы майларға қарағанда тиімді қоспалар мөлшері көбірек болады.

 

М-10Г2к майының қолданыс саласы

 

Г2 тобы майларының жоғары легірлеу дәрежесін иеленуі оларды жоғары температуралық тұрақтылық, қышқылдануға қарсы, жуып дисперсиялау, бейтараптандыру және тозуға қарсы қасиеттер қажет болатын неғұрлым қатаң жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Г2 тобындағы майлар жағылатын жоғары айналымды дизельдер күкірт мөлшері 0,5% дейін келетін (жалпы мөлшері) дистилляттық отында, ал цилиндрінің диаметрі үлкен орташа және аз айналымды кеме дизельдері күкірт мөлшері 1,5% дейін жететін (жалпы мөлшері) дистилляттық отында пайдаланылады.

 

Жоғары сапалы импорттық және отандық қоспалар қолданылатын маусымдық минералды майлар.  М-8Г2к – қысқы май, М-10Г2к – жазғы май. Күші қатты үдетілген үрмеленбейтін автотрактор дизельдеріне жағуға арналған.

 

Дизельдердің мойынтыректерін шөгінділер мен тотығудың барлық түрлерінен қорғайды.

 

  • Бөлшектердің тозуы мен тотығуына жол бермейді.
  • Майлау қасиеті күшті, термоқышқылдану тұрақтылығы жоғары әрі қозғалтқышты пайдалану үдерісінде пайда болатын қышқылдарды бейтараптандыру қасиеті бар.

   

SAE бойынша тұтқырлық санаты

30

API пайдалану санаты

CC

МемСТ 17479.1 пайдалану санаты

Г2

100°С температурасындағы кинематикалық тұтқырлығы, мм2

10,5-11,5

Тұтқырлық индексі, min

85

Ашық тиглдегі oC тұтану температурасы, min

210

oC қату температурасы, max

-15

Сілті мөлшері, мг КОН/1 г май, min

6,0

Күл қалушылығы, %, max

1,15

Ca/Zn/P белсенді элементтерінің үлесі, %, min

0,19/0,05/0,05